Одан 300 мың доллар мен 6 миллион теңге табылыпты

30.06.2018
Қаралды: 177

Инвестиция және даму минис­трлігінің бұрынғы қызметкері Болат Халыққа қатысты сот үкімі шықты. Кезінде министрлікке қарас­ты әске­рилендірілген апаттық-құтқару қызметін басқарған азамат 7 жыл 6 айға сотталды. Оған өзгенің сеніп тапсырылған мүлкін талан-таражға сал­ған және аса ірі мөлшерде пара алған деген айып тағылды.

 

 

Б.Халық басқарған мекеме мұнай, газ және тау-кен өнеркәсіп орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етумен айналысады екен. Сот материалдарында Б.Халықтың бір кәсіпорын мүддесі үшін қызмет көрсетіп, одан пара алып отырғаны, ұсталған кезінде одан 300 мың доллар мен 6 миллион теңге тәркіленіп алынғаны туралы айтылады.

 

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ