Судья сотталды

30.06.2018
Қаралды: 293

Шымкентте пара алды деп айыпталған судьяға қатысты сот аяқ­талды. Айыпты төрт жарым жыл­ға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Ол мемлекеттік қызметте істеу құқынан да айырылды.

 

Сотталушы – биылғы қаңтар айына дейін Мақтаарал аудандық сотының судьясы қызметін атқар­ған Абай Ниязбеков деген азамат. Оған жергілікті мектеп директоры Жанар Мамыровадан 500 мың теңге пара алған деген айып тағылды. Пара алды деген күдікпен өз кабинетінде ұсталған А.Ниязбеков содан бері «үй қамағында» отырған еді, бұл жолы сот залынан тікелей қамауға алынды.

 

Соттың тұжырымы бойынша, А.Ниязбеков параны арадағы делдал арқылы алған. Ал сотта Ж.Мамырова оның дауды өз пайдасына шешіп беру үшін 500 мың теңге талап еткенін айтқан. Ниязбеков оны мойындай, сейфінен табылған 500 мың теңгені сақтаулы тұрған өз ақшам деп айтқан.

 

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ