Бұрынғы прокурор бас бостандығынан айырылды

30.06.2018
Қаралды: 183

Түркістан қаласының бұрынғы прокуроры Махат Зұлпыхаровқа қатыс­ты сот үкімі шықты. Оған аса ірі мөлшерде пара алған деген айып тағылды.

 

 

М.Зұлпыхаров 2017-жылы Түркістан қаласындағы жер кадастры орталығының қызметкерлерін бірнеше жер телімін басқа адамдарға заңдастыруға мәжбүрлеген деген күдікпен ұсталған болатын, оған 100 мың доллар пара алған деген күдік келтірілген еді. Заңда мұндай қылмыс үшін алынған параның 80 еселенген көлемінде айыппұл салу немесе дүние-мүлкін тәркілеп, 10-нан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген екен. Сот Махатовты 10 жылға бас бос­тандығынан айыру жазасына кесті. Үкім әзірге күшіне енген жоқ.

 

Бұрынғы прокурор өзіне тағыл­ған айыпты мойындамаған. Дегенмен сот оның кінәсі дәлелденді деп шешіп отыр.

 

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ