17 миллион теңгені иемденіп кеткен бе?

30.06.2018
Қаралды: 76

«Қазақстан темір жолы» акци­о­нер­лік қоғамына қарасты «Кеден­транссервис» компаниясының вице-президенті Ғалым Мұқанов пен басқарма басшысы Дулат Ұбаев қамауға алынды. Оларға 17 миллион теңгеден астам қаржыны заңсыз иемденген деген күдік келтіріліп отыр. Бұл жөнінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин хабарлады.

 

Тергеу болжамынша, «Кедентранс­сервис»  мемлекеттік тапсырыс бо­йынша жеке кәсіпкермен жөндеу жұмыстарын жүргізуге қатысты 24 миллион теңгеге келісім-шарт түзген. Бірақ бұған қатысты ешқандай да жұмыстар атқарылмапты. Көрсетілген соманың 17 миллион теңгесін атал­ған азаматтар иемденген деген күдік бар. Егер кінәлары дәлелденсе, олардың әрқайсысы мүлкі тәркіленіп, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.

 

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ