«Үздік байланысшы» атанды

29.05.2018
Қаралды: 147

Бүгінде «Қазпочта» акци­онерлік қоғамы Жамбыл облыстық филиалының директоры қызметін ат­қарып жүрген жер­лесіміз Болысбек Пірәлі Ақпарат және коммуникация министрінің бұй­рығымен «Үздік байланысшы» төс­белгісімен марапатталды.

 

 

Б.Пірәлінің кезінде Қазығұрт аудандық почта байланыс торабын басқарғаны, аудан әкімінің экономика және инвестиция жөніндегі орынбасары, «Қазпочта» АҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы  директорының орынбасары, филиал директоры қызметтерін атқарғаны белгілі.

 

Біз Болекеңді осынау қуанышымен құттықтай отырып, әрқашанда абырой биігінен көріне беруіне тілектестігімізді білдіреміз.

 

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ