«Оңтүстік-циркке» – мың алғыс!

30.05.2018
Қаралды: 101

Кешегі аптада «Оң­түстік-цирк» ұжымы бұқаралық ақпарат құралдары өкілде­рінің кәсіби ме­рекесіне  арнайы концерттік бағдарлама ұсынды. Газет-журналдарда, телеарналар мен ақпараттық порталдарда еңбек етіп жүр­ген қызметкерлер өз отбасы, туыстарымен барып, цирк әртіс­терінің өнерін тамашалады.

 

 

«Оңтүстік-цирктің» бү­гінде республикамызға танылып жүргені белгілі. Оның концерттік бағдарламасы бізге, әсіресе балаларымызға қатты ұнады. Сондықтан баршамызға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған цирк қызметкерлеріне айтар алғысымыз көп. Осы орайда біз үлкен бір мәдениет ошағы ретінде облысымызды көпке танытып жүрген цирк ұжымының биіктерге жете беруіне тілектестігімізді білдіреміз.

 

Сондай-ақ барша әріптестерімізді – бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Қаламдарыңыз жүйрік, ойларыңыз өткір бола берсін, құрметті әріптестер!

 

Дана МЕДЕУОВА.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ