Балаң сенің «көшірмең» болмауы керек

29.05.2018
Қаралды: 254

Баланы былай тәрбиелеу керек деген ереже жоқ. Әр ата-ана перзентін өз білгенімен тәрбиелейді. Дегенмен баланың жан-жақты дамып, толыққанды тұлға болып қалыптасуы үшін де ата-ананың ізденуі, тәрбиелегенде қателікке бой алдырмағаны дұрыс. Осы орайда біз «Үй энциклопедиясы» деген кітап­тан бала тәрбиелеудің 9 өсиетін  ұсынуды жөн көрдік.

 

1. Балаң өзіңнің көшірмең болады деп күтпе. Оған қоса, сенің қалауыңдағыдый болады деп күтпе. Тәрбие бала үшін сен болуға емес, өзіндік ерекше болуға көмектесуі тиіс.

 

2. Барлық жасаған іс-әрекеттер үшін балаңнан құн сұрама: сен оған өмір сыйладың, ол қалайша саған алғысын жеткізе алады? Ол басқа адам­ға өмір сыйлайды, бұл – алғыстың қайтымсыз заңы.

 

3. Тәрбиелеу процесінде бар өшіңді балаңнан алма, өйткені не ексең, соны орасың.

 

4. Баланың проблемаларына түкке тұрмайтын деп асқақтап қарама: өмір ауыртпалығы әр адамға күшіне байланысты беріледі, сондықтан да, баланың жүгі сенікі­мен бірдей болады. Мүмкін сенікінен ауырлау да шығар. Өйткені баланың әлі дағдысы қалыптаспаған.

 

5. Тәрбие беруде баланы мұқатып, кемсітпе.

 

6. Өз балаңа бір нәрсені жасай алмасаң, ол үшін өзіңді қорлама. Бірақ жасау қолыңнан келіп, жасамасаң – қорла.

 

7. Бала үшін барлық жағдай жасау – тәрбие берудің ең маңызды заңдылығы. Осыны ұмытпа!

 

8. Біреудің баласын сүйе біл. Басқа біреудің баласына өз балаңа жасамайтыныңды жасама.

 

9. Балаң дарынсыз, қырсық, ересек болса да оны сүйе біл; балаңмен қарым-қатынаста қуануды ұмытпа, өйткені балаңнын жанында болу – бұл сенімен өмір бойы бола бермейтін мереке уақыты.

 

…Айтылғандардың бәрінен мынадай тұжырым шығаруға болады: балалар бұл өмірге үлкен­дердің тәрбиесін алу үшін ғана емес, бізді де тәрбиелеу үшін келеді. Ата-аналар өз балаларын жақсылыққа тәрбиелеу барысында өздері де жақсы бола бастайды. Бұл – тәрбиелеудің негізгі мақсаты.

 

С. МАҚҰЛБЕК.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ