Дәрігердің бәрі де Назеркедей болса ғой!

30.05.2018
Қаралды: 219

Біздің ауыл емханасының күндізгі стационарында Назерке Білісбаева есімді терапевт дәрігер жұмыс істейді. Осы емханада есепте тұратын адам ретінде мен одан жиі ем аламын. Өз басым оған өте ризамын, дәрігердің бәрі де Назеркедей болса ғой деп оны өзгелерге үлгі етіп жүремін.

 

Осы орайда Назерке Бекзатқызын оқырманға жете таныстыра кетсем деймін. Ол Алматыдағы Ұлттық медицина университетін бітірген. Сосын «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша біздің аудандағы Құмкент ауылына жолдамамен келіп, сондағы ауруханада дәрігер болып істеген. Кейін Жартытөбе ауылдық емханасына ауыстырылып, одан жалпы тәжірибелік дәрігер мамандығын алып шыққан. 2013-жылдың қаңтар айынан бері аудандық емханадағы күндізгі бөлімнің меңгерушісі болып еңбек етуде. Ол – аудан әкімдігі, аудандық емхана, «Нұр Отан» партия­сы облыстық филиалы тарапынан берілген марапаттардың иесі, 2017-жылы іскер-көшбасшы әйелдер тренингіне қатысып, облыс әкімінің Мақтау қағазымен марапатталған.

 

Назеркенің әпкесі Ләззат, інісі Бекболат, күйеуі Дәурен Кенжебаев – бәрі де дәрігерлер. Сіңлісі Орынша да бүгінде дәрігерлікке оқып жүр.

 

...Қысқасы, менің Назеркеге айтар алғысым көп. Ол басқаратын стационарда Айгүл Жағыпарова және Күләйхан Сағындықова деген мейірбикелер науқастарға сапалы қызмет көрсетеді. Мен осы жандарға деген алғысымды өзім сүйіп оқитын «Замана» газеті арқылы жеткізгім келеді. Оларға зор денсаулық, қажымас қайрат, биік абырой, мол табыс тілеймін!

 

Әмір БАТЫРБЕКОВ.

Шолаққорған ауылы.

Созақ ауданы.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ