Абай Түймебаевқа алғыс айтамын

25.05.2018
Қаралды: 178

Мен таяуда операцияға түскен едім. Диагноз – екіжақты грыжа. Осы күрделі операция­ны жасаған хирург Абай Түймебаевқа алғысымды өзім сүйіп оқитын «Замана» газеті арқылы білдіргім келеді.

 

Абай Амантайұлы Сарыағаш ауданындағы орталық ауруханада еңбек етеді. Қазір 44 жаста. Ол –  тәжірибелі хирург, жұрт оны қолы жеңіл жігіт деп мақтайды. Сондықтан да ота жасатуға мәжбүр науқастар өзіне операцияны осы жігіттің жасағанын қалайды. Ол ми мен жүректен басқа жердің бәріне операция жасай береді екен.

 

А.Түймебаев маған операцияны 3 сағат жасады. Ол сәтті өтті, осы операциядан оңалып қалдым, ауруханада бір айдай емделіп шықтым. Абай Түймебаевты бәрі де  мықты дәрігер  деп мақтап жүргенін талай рет естідім.

 

Жұрттан сұрастырып білгенім – ол осы Сарыағаш өңірінің тумасы екен. Қарағанды Мемлекеттік медицина университетін бітіріпті, кейін Қостанай жақта, Қарағанды универ­ситетінде, Қарағанды қаласы мен облысындағы бірқатар ауруханаларда хирург болып істепті, жауапты қызметтер атқарыпты. Ал Сары­ағаш аудандық ауруханасында істеп жүргеніне екі жылдан асыпты, өткен жылы ауданның ең үздік жыл дәрігері болып танылыпты.

 

А.Түймебаевтың жұбайы да медицина қызметкері, невролог-дәрігер екен. Олардың отбасында екі қыз, бір ұл өсіргенін білдім.

 

Қысқасы, мен Абай Түймебаевқа аса ризамын. Оған қызметінде абырой, отбасына амандық тілеймін.

 

Тынысбек СӘБДЕНОВ,

зейнеткер.

Қабыланбек ауылы.

Сарыағаш ауданы.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ