Габон тұрғындарын сойып жеген бе?

25.05.2018
Қаралды: 276

Ғаламторда кейде төбе шашыңды тік тұрғызатын жайлар жөнінде жарияланып жатады. Таяуда сондай хабардың бірін көзіміз шалды. Рас-өтірігін кім білген, онда Орталық Африкада орын алған деп мынадай оқиға жөнінде жарияланды:

 

«Орталық Африкадағы бейбіт дамып келе жатқан Габон мемлекеті әлі күнге дейін елінде болған сұмдық оқиғадан ес жия алмай отыр. Африкаға жол құрылысына жұмысқа келіп, қоныс аударған қытайлықтар кәсібін жасаудың орнына, адамдарды өлтіріп, дене мүшелерін өз еліне жөнелтіп отырған, одан қалғанын ас ретінде пайдаланып, етін жеген. Осы іспен айналысатын қытайлар бандасын Габон полициясы тұтқындады.

 

Жол құрылысы қызметкерлерінің айтуынша, олар ұсталған үш қытайдың демалыс күндері әлеуметтік желілерде өздері өлтірген құрбандарының суретін салғанын көрген. «Фейс­буктегі» олардың салған суреттеріне сәйкес, Габондағы 3 африкалық еркектің кесілген басы мен одан басқа 13 африкалық ер мен әйелдің бастары табылды. Сонымен бірге қытай азаматтарының өздері ас ретінде тұтынуы үшін мұқият сақтаған адам мә­йіттері табылды. Ал өзге қытайлықтар болса, өз әріптестерінің өлтірген адамдарының дене бөлшектерін сататын немесе экспорттайтыны туралы білмейтінін айтқан.

 

Бұл жағдай Габон тұрғындары мен Африкадағы қытайлықтар кіріп үлгерген барлық көрші елдердің үрейін тудыруда. Жұрт бұл әрекеттер Африканың басқа да қытайлар жүрген жерлерінде таралып кетуінен қорқып отыр. Енді олар Африкаға кірген барлық қытайларды мұқият зерттеп, олардың іс-әрекеттерін жіті тексеруді талап етуде.

 

Қытайлардың бұл әрекетін айыптаған Габон тұрғындары және басқа африкалықтар өз халқын қытайлықтарға жоламауға шақыруда.

 

Ал жергілікті полиция болса өз тұрғындарына бұл бандының жүзеге асырған басқа да қылмысты әрекеттері болса, соңына дейін жететіндерін және бұл істе ештеңенің кедергі болмайтынын айтып, бар қылмыстарын ашуға уәде беруде.

 

Сабырлы АТАМЕКЕН».

P.S. Габон – Орталық Африкадағы кедей

мемлекеттердің бірі. Халқының саны

2 миллиондай адам.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ