Марқұмның тілін башпайына орап байлап қойыпты...

21.05.2018
Қаралды: 483

Бүгінде әлеуметтік желілерден небір оқиғалар туралы еститін болдық. Таяуда осындай бір аудиожазба жарияланды. Оның толық мәтіні мынадай:

 

«Ассалаумағалейкум, құрметті бауырлар!

 

Жаңа жиында бір оқиға туралы естідім. Сосын бүкіл халық біле жүрсін деген оймен ол жайында жариялауды ұйғардым.

 

Бір кісі қайтыс болған екен. Марқұмды жерлеген кезде бір жақын туысы қабірдің ішіне түсіпті. Содан еңкейіп, оның сол жақ желкесіне топырақ қойып, басын құбылаға қаратып жат­қан кезде кеуде қалтасынан әмияны түсіп қалыпты. Ішінде техпаспорт, права, удостоверение – барлық заттары бар. Қабірге түсер алдында қалтасында болған, қабірден шыққанда қалтасында болмаған.

 

Ол осыны марқұмды жерлеп болғасын біраз уақыт өткеннен кейін біліп: «Әмияным түсіп қалыпты, қабірді ашып, алсам бола ма?» – деп оның туысқандарынан рұқсат сұрайды. Бұл кісілер рұқсат береді.

 

Содан ол қабірді қазады. Сонда мынадай жайды көріпті: әлгі марқұм болған досын аяғын жиып отырғызып, тілін башпайына дейін созып, орап байлап қойған дейді.

 

Осыны көрген әлгі адам қазір ләм-мим жоқ, «Алла қаласа», «Құдай қаласа», «Иншалладан» басқа ештеңе айтпайды, жүзінде күлкі жоқ, бес уақыт намазбен күн өткізіп жатыр дейді.

 

Осы оқиғаны естігесін мұны бүкіл халыққа тарататын нәрсе екен дедім. Не айтып, не қойып жатқанда тілімізге абай бола­йықшы, бауырлар!»

 

 

С. МАҚҰЛБЕК.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ