Күншілдік ұрпағыңа да кесірін тигізеді

30.05.2018
Қаралды: 256

Белгілі блогер, психолог Құралай ханымның қыз-келіншектерге арнал­ған кеңестері осы күнге дейін талай адамның кәдесіне жараған. Соның арқасында отбасылық бақыттың тәтті дәмін сезініп жүрген әйелдер оның әлеуметтік желідегі парақшасына күн сайын алғыс білдіріп отырады. Ендеше, Құралай ханымның тағы бірер кеңесін назарларыңызға ұсынайық.

 

«1970-жылдары АҚШ-та «Қандай ананың балалары бақытты болады?» деген оймен психо­логия­лық тәжірибе жасалыпты. Отыз шақты ана мен баланы 30 жыл зерттепті. 1-ге толған ба­ланы 30-ға дейін зерттеп, әб­ден бақылай келе, 2000-жылы «Ең бақытты, бай, табысты әрі мық­ты балалар – бақытты аналар­дың балалары» деген тұжырым­ға келіпті.

 

Сондықтан айтарым, балаңды тәрбиелеме, өзіңді тәрбиеле! Бірінші өзіңді бақытты ет, сонда айналаң да бақытты болады.

 

Өкпе-наз, күншілдігің сені ғана емес, ұрпағыңды да бақытсыз етеді. Мәселен, маған «Қалай бақытты боламын?» деген сұрақ жиі қойылады. Айтайын, Сізді Құралай ханым да, алтын басты күйеуіңіз де бақытты ете алмайды. Сізге көмектесе алатын бір ғана адам бар. Ол кім де­сеңіз, онда айнаға барып қа­раңыз. Сол айнадан сізге қарап тұрған адам – сізге ең жақын жан. Ең жанашыр жан. Сізге сол ғана көмектесе алады.

 

Тура қазір айнаға қараңыз да, өзіңізге былай деп серт беріңіз: «Бүгіннен бастап әр сө­зіме, ойыма сақ боламын. Бүгін­нен бастап мен, Пәленше Түгеншеқызы, бақытты болуға алғаш­қы қадамдарымды жасаймын. Бақыт­ты болмасам да ұқсап бағамын».

 

Бұл сөздерді осыдан 16 жыл бұ­рын айнаға қарап жылап тұр­ған Құралай қызға мен айтып едім. Күнделікті жасаған жарты қа­да­мым, міне, мені бақыттың ба­зарына алып келді. Сіздер де осылай етіңіздер! Арманыңыз­ды аялаңыз. Балаларыңыз үшін өміріңізді өзгертіңіз, өзіңізді жетіл­діріңіз, бақытты болуға тырысыңыз!

 

С. МАҚҰЛБЕК.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ