Түркістан облысына – Түймебаев, Шымкент қаласына Әбдірахымов әкім болды

30.05.2018
Қаралды: 185

Президент Жарлығымен Түркістан облысының әкімі қызметіне Жансейіт Түймебаев тағайындалды. Ол кісінің бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысы деп аталып келген өңірімізді 2016-жылдың қазан айынан бері басқарып келгені белгілі. Яғни ол қызметін енді аты өзгерген Түркістан облысында жалғастыратын болды.

 

Ал кеше ғана республикалық маңыздағы қала мәртебесін иеленген Шымкентке жаңа әкім тағайындалды. Бұл қызметті осыған дейін «Нұр Отан» партиясының хатшысы болып келген Ғабидолла Әбдірахымов атқаратын болды. Ғ.Әбдірахымовтың 2015 – 2017-жылдар аралығында Шымкент қаласының әкімі болғаны белгілі. Кейін Астанаға ауысқан еді.

 

Ал Шымкент қаласының әкімі қызметін 2017-жылдың қараша айынан бері атқарып келген Нұрлан Сауранбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты бұл лауазымнан босатылды.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ