Бүлінбеген балықты қалай білуге болады?

30.05.2018
Қаралды: 98

Жазда балық өнімдерінің тез бұзылатыны белгілі. Сондықтан оны сатып аларда аса сақ болған дұрыс. Балық таңдағанда мына жайлар жадыңызда болсын:

 

Жаңадан ауланған балықтан теңіз балдырының иісі шығып тұрады. Жас, жаңа балықтың еті тығыз және бейім­делгіш болып, сау­сақпен басқанда сол жер қайтадан орнына келеді. Қабыршақты балықтардың қабыршақтары дене­сіне жабысып тұрады.  Ауызы әрең ашылады. Желбезектері жылтырап, қызыл болып тұрады.

 

Кішкене балықтарды алақанға қой­ғанда басы мен құйрығы салбырап тұрса, ол – ескі балық. Жаңа балықтың көздері жанып тұрады, мөлдір және сыртқа шығыңқы болады.  Терісі ылғалды, жылтыр.

 

Балық ескіргенде қылтанақтары етінен оңай алынады. Балықтың жас-кәрісі бәрібір, тек ескірмесе болғаны. Ескірген балықтың іші кеуіп, сыртқа теуіп тұрады.  Балықтың бұзылған-бұзылмағанын етіне қыздырып пышақ немесе вилка сұғып анықтауға болады. Сол кезде көп тұрып қалған балықтан өткір, сасық иіс білінеді.

 

С. МАҚҰЛБЕК.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ