Алтай Әлі – Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы

30.05.2018
Қаралды: 136

Шымкент қаласы әкімі аппаратына жаңа басшы тағайындалды. Әкім аппаратын енді Алтай Әлі басқаратын болды.

 

 

Алтай Сембекұлы Әлі 1985-жылы Жам­был облысының Жаңатас қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді экономист, орыс, түрік, ағылшын тілдерін меңгерген. Еңбек жолын «Рахат» Қазақстан – Австрия акционерлік қоғамында бастаған, кейін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акци­онерлік қоғамының субсидиялау депар­таментінде менеджер, Астана қалалық сотында бас маман болған, Премьер-министр Кеңсесінің өңірлік даму бө­лімінде, Премьер-министр хатшылығында, сырт­қы байланыс  басқармасында жауапты қызметтер атқар­ған.

 

...Ал Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы қызметін 2017-жылдың желтоқсан айынан бері  атқарып келген Нұрбек Бадырақов Оңтүстік Қазақстан облыстық ауыл шарушылығы басқармасына қызметке ауысты.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ