Ағасын құтқаруды сұрайды (ВИДЕО)

30.06.2018
Қаралды: 227

Қытайда этникалық қазақтарға көрсетіліп жатқан қысымдар жөнінде аз айтылып жүрген жоқ. Жұртшылық телеарна, әлеуметтік желі арқылы ата-анасын, бауырын, баласын құтқаруды сұраған талай адамды біледі. Таяуда Шәмшидин Бейсенұлы есімді бір азамат та өзінің жанай­қайын бейнежазбаға түсіріп, жария етті.

 

«Менің ағамды қытайлар заңсыз тұтқындады. Биылғы жылдың 5-маусымында ағам Нұриддин Бейсенұлын Қытай Халық Республикасының  Санжы облысы, Мори қазақ автономия­лы ауданында қытай сақшылары заңсыз тұтқындады. Ағам – Қазақстан азаматы. Қытай сақшыларының оны заңсыз тұтқындауы мені қатты алаңдатып отыр.

 

Мен Алматы облысының Көксу ауданындағы Балпық би ауылында тұрамын. Ағам да осы ауылда тұратын еді», – дейді ол.

 

Осы өтінішін «Фейсбук» әлеуметтік желісінде жариялаған Ш.Бейсенұлы Қазақстан Республикасы, халықаралық ұйымдар ағасы Нұриддин Бейсенұлының елімізге оралуына көмектеседі деп үміттенетінін жеткізді.

 

Т. ТҰРАН.

 

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ