Болатбек Әбдірәсілов ХҚТУ ректоры болып тағайындалды

30.05.2018
Қаралды: 118

Түркістандағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры ауысты. Бұл қызметті Болатбек Әбдірәсілов атқаратын болды.

 

 

Болатбек Серікбайұлы Әбдірәсілов 1958-жылы Қызылорда облысында өмірге келген. Қызылорда педагогика институтын (қазіргі Қызылорда Мемлекеттік универ­ситеті), КСРО Ғылым академиясы биофизика институтының аспирантурасын бітірген. Қызылорда Мемлекеттік университетінде, Қызылорда гуманитарлық университетінде, Білім және ғылым министрлігінде, Президент Әкімшілігінде, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында ла­уазымды қызметтер атқарған. 2017-жылдың наурыз айынан бері Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ғылым ко­митетінің төрағасы болып келді.

 

Б.Әбдірәсілов – биология ғылымдарының докторы, ҚР Жоғары мектебі және Халықаралық жоғары мектебі ғылыми академиясының академигі, Қазақстан білім беру ісінің үздігі, «Құрмет» орденінің иегері. Ол 40-тан астам ғылыми еңбектердің авторы.

 

...Ал Халықаралық қазақ-түрік уни­верситетінің ректоры қызметін 2013-жылдың маусым айынан бері атқарып келген Уәлихан Әбдібеков келі­сім-шарт мерзімі аяқталуына байланысты бұл лауазымнан босатылды.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ