Қытайлардың елімізге визасыз кіруіне рұқсат беріле ме?

30.05.2018
Қаралды: 334

Бүгінде жұртшылық арасында Қытай тақырыбының жиі талқыланатыны рас. Бұған қатысты таралған сөздердің қайсысы ақиқат, қайсысы жалған екенін ажырату қиын болып тұр. Әсіресе әлеуметтік желілерде бұл тақырып көп көзге түседі.

 

Кешегі аптада «Уатсап» желісінде бір бейнежазба таралды. Онда бір ғимарат алдында үш қатар болып ұзыннан-ұзақ шұбалған кезек түсірілген. «Мынау – Үрімшідегі Қазақстан консулдығының алдында тұрған қытайлар. 11-маусымнан бері Қазақстанға визасыз кіруге бұрыштама бастырғалы тұр.

 

Құдай-ау, не боламыз?! Алла-ай, мыналардың түрлерін көрдің бе? Бәрі сол мөр бастырып, Қазақстан­ға кіруге кезекте тұр», – дейді  аудиожазбадағы абыржыңқы әйел даусы.

 

Расында бұл өзі не нәрсе? Қытайлықтардың Қазақстанға визасыз кіретін болғаны қаншалықты рас?

 

...Кешегі аптада Сыртқы істер министрлігі елімізге Қытай азаматтарының визасыз кіретіні туралы хабарды теріске шығарды. Бұған қатысты таратылған мәлімдемеде мынадай сөздер бар:

 

«Қазақстан Қытай азаматтары үшін визасыз режим ендіруге қатысты ешқандай да келіссөздер жүргізіп жатқан жоқ. Әлеуметтік желілердегі Қытай азаматтарына визалық режимнің күші жойылады екен деген – арандатуға апаратын жалған ақпарат».

 

Ресми қызмет өкілдері Қытайдың халықаралық әуежайлары арқылы транзиттік ретпен өтетін қазақстандықтар үшін визасыз тәртіпті осыған дейінгі 24 сағаттан 72 сағатқа дейін ұзарту және Қытайға барғысы келе­тіндерге жеке визалар беруді қайтадан қолға алу жөнінде жұмыс жүргізіліп жатыр деп мәлімдеді.

 

Осындай жағдайлар орын алуда екен. Қалай дегенде де жұрттың көңілі күпті болып жүргені өтірік емес.

 

О. САБЫР.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ