Ұлттық консерваторияның ректоры ауысты

30.05.2018
Қаралды: 165

Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының ректоры Жәния Әубәкірова қызметінен босатылды. Белгілі пиа­нист, педагог, профессор, Қазақстанның Халық әртісі Жәния Жақияқызы Әубәкірова бұл оқу орнын 21 жыл басқарған еді.

 

 

Консерваторияның ректоры қызметіне Арман Әділханұлы Жүдебаев тағайындалды. А.Жүдебаевтың жасы 32-де, ол Алматы облысының Қапшағай қаласында өмірге келген. А.Жұбанов атындағы дарынды балалар мектеп-интернатын, Ұлттық консерваторияның домбыра, дири­жерлік бөлімдерін бітірген. Өнер магистрі. 2009 – 2013-жылдар аралығында Құрманға­зы атындағы Ұлттық консерваторияның халық музыкасы бөлімінде сабақ берген, дирижерлік қызмет атқарған, студенттік оркестрді басқар­ған. 2013-жылдан бері Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің бас дирижері болып келді.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ