Сәуле Айтпаева – Балалар құқығын қорғау жөніндегі уәкіл

30.05.2018
Қаралды: 198

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Өкімімен Зағипа Балиева Қазақстан Республикасының бала құқықтары жөніндегі уәкілі қызметінен босатылды. Бұл жұмысты енді Сәуле Айтпаева жүргізетін болды.

 

Сәуле Мұханбедианқызы Айтпаева 1960-жылы Торғай облысында дүниеге келген. Еңбек жолын аудандық прокуратураның кеңсе меңгерушісі болып бастаған. Ресейдегі Свердлов заңтану университетін бітірген. Ақмола облыстық прокуратурасында, Бас Прокуратурада  жауапты қызметтер ат­қарған. 2017-жылдың қаңтар айына дейін Бас Прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетін басқарған. 2017-жылдың шілде айында Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалған.

 

С.Айтпаева – Әділет аға кеңесшісі, мемлекеттік кеңесшісі, қазақ әйелдерінен шыққан тұңғыш генерал, 2-дәрежелі «Даңқ» орденінің, бірнеше медальдардың иегері. Ол – Қазақстан Республикасы Прокуратурасының Құрметті қызметкері, Ақмола облысының Құрметті азаматы.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!


 

Пікір қалдыру

1000 символ