«Ішерге тамақ, киерге киімім жоқ...»

30.05.2018
Қаралды: 201

Күш атасы – Қажымұқан сонау 1947-жылдың 10-қаңтарында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы Әбдісәмет Қазақбаев пен Нұртас Оңдасыновтың атына мынадай өтініш хат жолдаған екен:

 

«Ақсақал, рұқ­сат етсеңіз, өзім­нің кемшілік туралы жазған ары­­зым. Менің қа­зіргі жағдайым болса нашар. Түзу көзде­ріңізбен маған қарамадыңыздар. Ішерге тамағым, не киерге киімім жоқ. Жасым жетпістің алтауынан жетеуіне шыққан уақытымда осындай жағдайға кездестім. Қызметке жарайтын адамым жоқ. 2-3 жас балаларым бар.

 

Арыс ауданындағы Темірлан селсоветіне, «Ленин туы» колхозына 1946-жылдың 1-июнь күні көшіп келіп едім. Арыс ауданының көрсетіп отырған жәрдемі жоқ. Басымда үйім жоқ. Үй салып беремін дегендей еді, салып берген үйі жоқ. Бір малханада отырмын.

 

Сізден әлгі жоғарыда айтылғандармен қоса көбінесе сұрайтыным – бір «Қажымұқан жайы» деген жай салдырып беруіңізді сұранамын. Және 75 жасқа толған мерекемді өткізіңіз. Сауынға, сүтін ішуге 1-2 бұзаулы сиыр, бір құлынды бие болса.

 

Басқа айтар сөзім жоқ.

 

Айтқан 500 сом айлығыңызды бермей қойдыңыз. Хабарыңызды күтемін.

 

Қайыр-қош деп арыз етуші: Қажымұқан».

 

...Қазақтың атын әлемге танытқан атақты балуан 1871-жылы сәуір айында өмірге келген. Бұл пәниден 1948-жылғы тамыз айында өтіпті. Яғни 77 жасында дүние салған. Хал-ахуалын айтып жоғарыға хат жазғаннан бір жарым жылдан соң қайтыс болған. Сол аз ғана уақытта сұрағанына қол жеткізе алды ма екен?

 

Бірі кем дүние...

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ