Сіз мұның қайсысына жатасыз?

30.05.2018
Қаралды: 283

Бауыржан Момышұлы жасы үлкен қарттарды төртке бөлген екен.

 

 

1. Отбасы, ошақ қасынан ұзап шықпайтын, түтін аңдып, үй аралап, өсек айтатын кісіні «Шал» деген.

2. Бір әулеттің қорғаны, сүйеніші болып, айрандай ұйытып, уықтай тіреп отырған кісіні «Қария» деген.

3. Тұтас бір ауылдың жоқ-жітігін түгендеп, жыртығын бүтіндеп, тентегін түзеп, азаматын ардақтап отыратын кісіні «Ақсақал» деген.

4. Бүкіл елдің сөзін сөйлеп, дау-дамайын шешіп, ұрпақ бойына ұлттық рух, ізгі қасиеттерді сіңіріп отыратын, әр сөзі құран хадистеріндей қасиетті, қадірлі кісіні «Абыз» деп атаған.

 

..Жалпы, «шал» деген араб тілінен аудар­ғанда «өлмей әлі жүрсің бе?» дегенді білдіреді екен.

 

Сондықтан сөздің мағынасын білмейтін, әкесіндей адамдарды шал деп сөйлейтін адамдар, сәл ойланыңыздар!

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ