Қытайда финанс көп, қазақта қиналыс көп

30.05.2018
Қаралды: 265

...Құлсарыдан сағат түнгі 3-те «Маңғышлақ – Астана» пойызына міндім. Бағытым – Астана.

 

Олар даламызға қызыға қарайды

 

Таң намазынан соң ұйқымды қандырып барып ояндым. Вагон іші  тып-тыныш. Бір мезетте 3-4 қытай азаматын көзім шалып қалды. Жүздерінде күлкі, мыртиған көкірегін тік ұстап, айналасындағы қазақтармен шаруасы жоқ, көздері терезеде, қатты қиялға беріліп отыр екен. Бұлар сонша не көріп келе жатыр екен деп терезеге қарадым. Терезенің арғы жағындағы көрініс ата-бабамыздың найзаның ұшымен, білектің күшімен сақтап қалған ұлан-байтақ даласы екен.

 

Өз елінде құмырсқадай сапырылысып, миы шаршап кеткен қытайлар тыныштықты қазақ даласынан тапқандай. «Шіркін-ай, біздің жер болса ғой!» деп армандайды. Мұндайды көрген қытайлар бұл жерден енді тірідей шығар ма? Керісінше, өз қандастарын осы жерге тартып, осы жерде тұрақтап қалу үшін бар амалдарын жүзеге асырып қалады ғой. Оның бір жолы – басы бос қазақ қыздарының қолына кіріп, қазақ азаматтығын алып, тұқымды бұзып, кейін қаракөз қыздарымыздың тамағын улап көзін құртып, шүршіт бала мен квартираның иесі болып қалу.

 

Әйелдер арақты суша сіміріп отыр

 

Пойызда және 6-7 қазақ әйелмен кездестім. Бұлар да Астанаға семинар­ға бара жатырмыз дейді. Бұлармен сұхбаттасқанда ұққаным – әлдеқашан сүйегі қурап қалған шетелдік леди Мэри Кэй Эш деген әйел болған екен, өзі өлсе де ісі өлмейтін жан көрінеді. Біздікілер еңбегі еш кетпеген Эштің шәкірттері екен. Қайдан өлсін, оны біздің қазақтың қатындары жалғастырып жатса...

 

Мэридің бизнесін жоғалтпай, өзінің иманын жоғалтқан еліктегіш халқым-ай! Құдайға құл болуға қорланатын, ұлын үйге тастап, пұлдың соңынан қуып сорланатын, Мэри Кэйге құл болған қайран қазағымның әйелдері-ай!

 

Бұрын бір газеттен оқығанмын, бір бала үндінің фильмдерін көріп-көріп әбден тойынғаннан кейін: «Үндінің қызына қалай үйленуге болады?» деп редакцияға хат жолдапты. Кинодағыдай малдас құра әуендетіп отырып Ратханың қолынан күріш жегісі келген болар. Күс-күс пілді мініп алып, бақа жүріспен сасыған Үндістанды бір айналып келгеннен кейін «Елім-ай» деген әнді жоқтау қылып айтатынын қайдан білсін?

 

Кино дегендер жарнама ғой. Бұл өмір де дәл сондай жаһаннамның жарнамасы. Жаңағы әйелдеріміз бас қосып, рюмка түйістіре арақты сіміріп келе жатыр. Рюмканы қолына алып, данышпансып, баяғы жауыр болған жаттанды тілектерді періп отыр. «Аспанымыз ашық болсын!» – дейді. Алладан пәрмен келіп, ақырзаман болмай аспан онсыз да жабылмайды. Нанның қадірін біліп отырған кісіше: «Нан көп болсын!» – деп қояды. Арақ ішіп болғаннан кейін нанды ауыз емес, мұрынға тыққыштап жатқанымен хабары жоқ. Дұшпандардың ортасында бірге араласып жүріп: «Дұшпанымыз қашық болсын!» – деп қояды. «Қыдыр ата қолдасын!» – дейді. Ой-бу-уй! Мұндай «пияншіктерді» Қыдыр ата неғылсын, одан да «Дед Мороз делдал болып, Қар қызы қолдасын», – демей ме?

 

Айта берсем күлкіден өлесіңдер, өте ұят! Қазақтың 4-5 баласы бар жесірлеріне: «Пәленшеге 2-ші әйел болып неге тиіп алмайсың?» – деп көрші, намыстан жарылып кетсін. Ал қытай сияқтылардан туып алуға келгенде сол намысты неге іске қоспайды екен?

 

Әрқайсысы бір құрма дәнін лақтырса, бізді көміп қалады-ау

 

Қазірдің өзінде Ақтөбе аймағы, Жаңажол, Кеңқияқ маңына орналас­қан қытайлар айналасындағы мал шаруашылығынан аса алмай отырған, кенже қалып қойған елді мекендердегі қаракөз қыздарымыздың біразын жез­өкшеге айналдырып үлгеріпті. Қазақтардың намысы қайда кеткен? Қыздарымызға қорған бола алмасақ, онда еркек болып жер басып жүрмей-ақ қояйық. Ана, апа, қарындас деген ұғымдар қайда?

 

Білемін біздің жерде шетелдіктердің құқы қатты қорғалатынын. Бірақ елі­міздің заңын белден басып жүрген сықсықкөздер қаншама? Оны құрықтайтын сақшылардың өздері параға алданып отыр.

 

Қытайлар өз мекемелеріне қазақты шала бастық қылып тағайындап алады да, сол қазақтың қолымен өз жоспарларын іске асырады. Яғни уақтанып кеткен шеге қазақтарды балға қазақпен тоқпақтайды. Бұлар өздерінің 1 миллиард 500 миллион екенін мақтан тұтып, біздің енді-енді 15 миллионға жеткенімізді мазақ ететін көрінеді. Санының көп екені белгілі, әрқайсысы бір-бір құрмадан жеп, сүйегін бізге лақтырса да иммунитеті жоқ әлсіз қазақ көміліп қалатын түріміз бар.

 

Қытайларда әлемді жаулау деген саясат бар. Әйелдері екіқабат кезінде «УЗИ»-ге түссе, ол қыз десе, бірден алдырып тастайды, сол үшін бұларға жақсы ақша төленеді. Ал ер баланы алдырып тастаймын дегендерге мықты айыппұл салынады екен. Неге десеңіз, саны көп еркектер қыз жетіспегендіктен арнасынан асып-төгіліп басқа елдерге кетеді екен. Содан басқа елдегі басқа нәсілдермен будандасып, шүршіттің тұқымын таратады. Бұл – әлемді жаулау саясаты.

 

Қазағымның қыздары да қысық көз қытайлықтардың қанжығасына ілініп кетіп жатыр. Ресейде 180 миллион халық болса, Қытайда 180 миллионы тек жұмыссыздар ғана. Ал Қазақстан­ға 15 миллионы кіріп үлгерсе шаруа бітті дей бер. Оны қамайтын түрмелер жоқ, қамаған жағдайда да беретін тамақ жоқ, күзететін сақшылар жетіс­пейді, атып тастауға бұйырған жағдайда да 15 миллион оқ-дәрі жоқ болар. 5 миллионы кіріп, басы бос қыздарымызбен отау құра қалса, келесі жылы 5 миллион ертең өзіңе қарсы шығатын метис дүниеге келеді деген сөз. Сосын бір күні жиеннің үйіне бара қалған жағдайда жылан жеп, шаян шайнап, сүлік сорып отырған шүршітті көргенде жиіркеніп, ақылың сонда оянар.

 

Іш қазандай қайнайды

 

Вагон ішіндегі біздің қасқа қазақтар қытайларға сұрақ қойып жалпақтап келеді. Әрине, Қытайда финанс көп, қазақта қиналыс көп. Бұлар осы бастан елімізге еніп, қыздарымызға бас салып шүршіт тұқымын жайып, елмен араласып кетті.

 

Таяуда бір намысты бауырыммен кездестім. Атыраудан 30 шақырымдай жерде орналасқан Қарабатанда зауытта, «Аджип-Сайпемде», қысқасы, итальяндықтарда түнгі кезекте жүргізуші болып жұмыс істейді екен.

 

– Түнде не істейсіңдер? – деп сұрақ қойдым.

 

– Түнде ме? – деп түтігіп кетті әлгі бауырым. Сосын ішін ашу кернеп: – Түнде құшақтарында бір-бір қазақ қызы бар итальян мырзаларды автобусқа тиеп, Атырау қаласына алып келемін. Сырамен сусындап, кәуәпқа қарнын қампитып, ойына келгенін жасап, Жайыққа суға шомылып болғасын кері, мекемеге алып кетемін – деді ауыр күрсініп.

 

– Елімізде тайраңдап, заңымызды таптаған, жұмыс бабын асыра пайдаланып, мекеме көлігін, жанармайын тегін пайдаланып, қыздарымызды алдап, тамырымызға балта шауып қор қылған, ұлттық намысымызға нұқсан кел­тіріп, мазақ қылып жүрген шетелдіктерге неге шара қолдану жағын қарастырмайсыңдар? – дедім.

 

– Ешкім ермейді, ешкім көрмейді, ешкім келіспейді. Мұндай істерге көз үйренген, бұл іс ешкімге батпайды. Біздің қазақта намыс бар ма өзі? – деп қазақтарға сенбейтінін ашық біл­дірді.

 

...Иә, шынымен де біз қашан иманға келіп, ауыз біріктіріп, өз жерімізде өз намыс-құқығымызды қорғай алатын дә­ре­жеге жетер екенбіз? Мұны естігенде менің қабырғам қайысты.

 

Мен – ұлтшылмын! Бұл – менің жерім, бұл жердің иесі – мен. Қасық қаным қалғанша осы жерім мен тілім, намыс пен дінім үшін арпалысып өлемін. Және де ұрпағымның миына құйып, насихаттаумен өтемін.

 

Ертең менің ұрпағым мәңгүрт болып, кімнің кім екенін, дұшпаны кім, кіммен соғысарын білмей дал болады екен ғой. Жалпы, бізде болашақ бар ма?

 

Осы мәселелерді ой елегінен өткізіп, ішім алай-дүлей болып, өз теріме өзім сыймай буырқанып жатқанымда ойымды пойыздың дауысы бөліп кетті. Пойызым жалынышты, ескертпе құпия үнмен: «Тозақ-тозақ, қазақ-мазақ, аз-ақ-аз-ақ» деп келеді екен. Бұл істердің орындалуына шынымен де аз-ақ қалған сияқты.

 

Ойланайық, қазақ!

 

Құлсарылық Тұрар ШАЛҚАРА.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ