24 адамға қатысты сот шешімі шықты

30.05.2018
Қаралды: 151

Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қатыс­ты 24 адамның үстінен қозғалған қылмыстық іс аяқталып, сот шешімі шықты. Мемлекеттік қызметте істеген бұл азаматтардың 19-ы жер телімдерін заңсыз сатуға қатысқан екен. Олардың әрекетінен  200-ге жуық тұрғын материалдық және моральдық зиян шеккен.

 

 

Бұған қатысты сот процестері екі жылдан аса уақытқа созылған. Ақырында аталған 24 адамның 19-ы қылмыстық жазаға тартылды, 5-еуі кінәсіз деп танылып, жауапкершіліктен босатылды.

 

Целиноград аудандық жер қатынастары бөлімін басқарған Айзада Төлегенова 6 жылға сотталды. Оған ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оған басшылық еткен деген айып тағылды. Қосшы ауылының бұрынғы әкімі Елібек Әбуов – 5 жылға,  жер кадастры бөлімінің басшысы Арман Смайылов 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сотталушылардың 8-іне 1 миллионнан 2 миллион 400 мың теңгеге дейін айыппұлдар салынды. Басқалары да заң аясында тиісті жазаға тартылды.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ