Бір жылда – бір миллион доллар...

30.05.2018
Қаралды: 286

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Нұржан Теңлібаев қамауға алынды. Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы хабарлады.

 

 

Жарияланған деректе Н.Теңлібаевтың өзіне бағынышты 4 кедендік бекет басшыларын қылмыстық топқа тартқан, олармен бірігіп, сыртқы елдерге тауар шығаратын кәсіпкерлерден оларды қорғап отырғаны үшін жүйелі түрде пара алған деп айыпталуда. 2017 – 2018-жылдар аралығында осындай жолмен алынған ақша мөлшері 1 миллион 200 мың доллардан асқан көрінеді.

 

Бүгінде Теңлібаев уақытша оқшаулау абақтысында отыр, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ