Энергетика вице-министрі «үй қамағына» алынды

30.05.2018
Қаралды: 45

Энергетика министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Жақсалиев «үй қамағына» алынды. Бұл жөнінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин мәлімдеді. Оның айтуынша, Жақсалиев «Шортанды – Бурабай» курортты аймағының көлін тазалауға қатысты жұмыстарды қабылдау кезінде заңға қайшы әрекет жасаған.

 

 

Қысқасы, Б.Жақсалиев өзінің өкілеттілігін теріс пайдаланып, «Аймақ және К» серіктестігінің мүддесі үшін заңсыздыққа барыпты. Ол актілерге қол қойып, мердігер компанияның есебіне қыруар ақша аудар­ған. Мемлекетке келтірілген шығын 746 миллион теңгені құрайтыны айтылуда.

 

Осыған байланысты Б.Жақсалиев «үй қамағына» алынған.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ