Парақорды ұстауға жәрдемдескенге 240 мың теңге берілетінін айтты

30.05.2018
Қаралды: 70

Астанада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес органдарының баспасөз мәжілісі болып өтті. Онда Мем­лекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев өзгеше бір мәлімдеме жасады, ол енді жемқорды ұстауға жәрдемдескен жанға 240 мың теңге сыйақы берілетінін айтты.

 

Яғни бопсалау, пара алу, пара беру, бюджет қаржысын ұрлау және оны жымқыруды жоспарлау, қызметтік өкілеттілігін асыра пайдалану оқиғаларына куә болған адам бұл жөнінде тиісті органға ақпарат бере алады. Оның аты-жөні құпия сақталады, ол құқықтық қорғауға алынады, ал берген дерегі дәлелденсе және кінәліге қатыс­ты сот үкімі шықса, оған аталған сомадағы ақша беріледі.

 

Агенттік төрағасы ақпарат берушілер үшін арнайы call-орталықтың тәулік бойы жұмыс істейтін нөмірін (1424), сондай-ақ өзінің жеке почтасын (alіk.shpekbaev@maіl.com) жария етті.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ