Екі ауданның прокуроры ауысты

30.05.2018
Қаралды: 406

Сарыағаш ауданының прокуроры қызметіне Жомарт Нұрғалиұлы Нұрғали тағайындалды. Ол 1978-жылы Шымкент қаласында өмірге келген. Халықаралық қазақ-түрік университетінің құқықтану факультетін бітірген. Кезінде Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы аппаратының басшысы, Кентау қаласының прокуроры лауазымдарын атқарған. Бұған дейін Шымкент қаласындағы Абай аудандық прокуратурасын басқарып келді.

 

Ал Бәйдібек ауданының прокуроры лауазымына Әділ Әбді­қадырұлы Кәрім тағайындалды. Ә.Кәрім 1984-жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Қазақ Ұлттық университетінің – құқықтану, Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің қаржы факультеттерін, Мәскеу Мемлекеттік университетінің магистратурасын бітірген. Орал қаласының, Батыс Қазақстан облысының, Алматы қаласының және Алматыдағы Бостандық, Алатау, Алмалы аудандарының прокуратураларында жауапты қызметтер атқар­ған. 2015-жылдың қыркүйек айынан бері Шымкенттің Қаратау аудандық прокуратурасын басқарып келді.

 

Д. НҰРПЕЙІС.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ