Келес және Жетісай аудандары құрылатын болды

30.05.2018
Қаралды: 519

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сарыағаш және Мақтаарал аудандарын әкімшілік-аумақтық жағынан қайта бөлу жөніндегі Жарлығы шықты. Оңтүстікте Сарыағаш ауданынан бөлініп Келес ауданы және Мақтаарал ауданынан бөлініп Жетісай ауданы құрылатын болды.

 

Сарыағаш ауданының орталығы бұрынғыша Сарыағаш қаласы болып қала береді, ал Келес ауданының орталығы Абай ауылына орналасады.

 

Жетісай ауданының орталығы – Жетісай қаласы, Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кенті болады.

 

Бұл жөніндегі Жарлыққа Елбасы 5-маусымда қол қойды. Енді аталған аудандарда тиісті жұмыстар жүргізіле бастамақ.

 

Д. НҰРПЕЙІС.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ