Шымкенттің халқы 1 миллионнан асты

30.05.2018
Қаралды: 322

Шымкент қаласының тұрғындары 1 миллион адамнан асты. Осылай деп айтуға негіз бар. Ресми дерек бойынша Шымкент қаласының 1 миллионыншы тұрғыны 2018-жылдың 17-мамырында өмірге келіпті.

 

 

Кешегі аптада Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкенттің 1 миллионыншы тұрғынына пәтер кілтін табыстады. Өмірге келе салып пәтер иеленген бақытты сәбидің аты-жөні – Айсұлу Саматқызы Еламан. Ол жас отбасының тұңғыш перзенті екен.

 

Қаламызда қуанышты оқиғалар көп болғай!

 

Д. НҰРПЕЙІС.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ