Даламыздың жуасын да жалмап жатыр

30.05.2018
Қаралды: 489

«Қызылорда – Жезқазған» бағытындағы тас жолдың жиегін жағалай біршама адамдар даланың сарымсақ-пиязын (оны жуа деп те атайды) жинап, оны жаппай Қытайға өткізумен айналысады екен. Бұрын мия тамырын (корень солодки) жинап, оны Қытайға өткізгенін естіген едік. Көктемгі даланың сарымсақ-пиязы көптеген ауру түрлеріне шипа екені белгілі. «Тұқым шашып үлгертпей жинап алып жатқан даланың сарымсақ-пиязын ертең өзіміз сол даладан іздеп таба алмай қалмаймыз ба?» деген қаупім де жоқ емес.

 

Дәруменге толы емдік сарымсақты тамырымен жұлып жүргендер даладағы емдік шөптерге мемлекеттің жанашырлығы жоғын пайдаланып, қазақтың есебінен Қытайдың фармацевтика өнеркәсібін дамытуға атсалысып жүргендерін біле ме екен? Тонаудың осы түріне тыйым салынатын заң шығару керек-ақ.

 

Баяғыда Қаратауда өскен гүлдің сол жерден жойылып, Голландияда өсе бастағанын естіген едік. Қазір сол қызғалдақтардың неше атасын голландтардан сатып аламыз.

 

Арқаның киігін атуға бейімбіз. Дәрумендерге бай емдік өсімдіктерді жыртқыштан бетер жоюға бейімбіз. Қазақ, қайда барасың?!

 

Мақпал ОРЫНБЕТОВА.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ