«Іш бұзылуын» тоқтататын тәсілдер

30.05.2018
Қаралды: 114

Жаздың ыстық күндерінде кейбір жағдайларда адам көп тұрып, бүлінген тағамдарды байқамай жеп қойып ауыратыны бар. Іш бұзылып, адамның мазасын алатын мұндай кездерінде не істеу керек? Төмендегі кеңестер осы жөнінде:

 

Біріншіден, бұл күні тамақ жеудің қажеті жоқ. Суды көбірек ішу керек. Ол асқазан-ішек жолын улы заттардан шаю үшін және іш бұзылуынан жоғалған сұйықтың орнын толтыру үшін қажет. Мөлдір түсті сусындар (қара, көк шай, бульон, алма, итбүлдірген, мүкжидек морсын, цитрус жемістерінің, помидордың шырынын) ішкен жақсы. Шырын­ға қант қосу керек, ол сұйықтың ағзаға тез сіңуіне жол ашады. Тәтті шай, әсіресе қант қосылған алма шырыны диареяға қарсы күресте аса пайдалы. Табиғи таза шырындар мен кефир де асқазан-ішек жолындағы бактерия­ларды өлтіреді.

 

Тамақ жегіңіз келсе, тауық етін, бұқтырылған сәбіз, банан жеңіз. Асқазан-ішек жолында ашып-пысу тудыратын нан сияқты жасымығы мен көмірсуы көп азықтар жемеген дұрыс.

 

Суға, буға пісірілген пектинге бай алма жеген де пайдалы, ол ағзадағы улы нәрселерді шоғырлап, сыртқа шығарады.

 

Белсендендірілген көмір түйірлері (10 кило салмаққа 1 түйір), «марганцовканың» әлсіз ерітіндісі де микробтарды жақсы өлтіреді.

 

Тамаққа тұз қоспаңыз, өйткені ол ағзадан улардың қуылуына кедергі келтіреді.

 

Үй «дәмханасында» кептірілген тауық бөтегесінің сары қабаты үнемі тұрғаны дұрыс. Оны үгітіп сумен ішеді.

 

Кәдімгі жаңғақтың ішіндегі қабықшаларының тұнбасының он тамшысын жарты стакан суда тұндырып ішкен де көмектеседі. Ал тұнбаны былай әзірлейді: спирт пен жаңғақтың ішкі қабықшаларын тең дәрежеде араластырып, үш күн тұндырады да, сүзіп алып, тоңазытқышқа салып қояды.

 

Қара келімдәріні суға езіп ішсе де көмектеседі.

 

Жалпы, диареяға ұшырамас үшін тамақты шыны ыдыста сақтаған дұрыс. Соустар екі күннен артық сақталмайды. Тамақты тоңазытқыштан тыс екі сағаттан артық ұстаған дұрыс емес. Тоңазытқышта да ұзақ уақыт сақтауға болмайды. Қысқасы, диареяға ұрынбас үшін бүлінген тамақ жеп қоюдан сақтанған дұрыс.       

 

С. ИКРАМҚЫЗЫ

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ