Бір оқпен екі қоян ату деген осы шығар (ВИДЕО)

30.06.2018
Қаралды: 357

Нұрлан деген бір пысық жігіт үйдегі бақшасын арам шөптен арылтудың тың тәсілін ойлап тауыпты. Ол темір мен тор сымнан шағын шарбақ құрастырған. Сосын оны қызанақ егілген арықтардың ортасына орналастырып, ішіне қойды кіргізеді екен. Қой шөпті тықырлап жеп шығады. Кейін оның «қорасы» келесі шаршыға қарай жылжытылады. Осылай жалғаса береді.

 

«Мынау – Нұрлан бөлемнің үйі. Мынау – арықтың екі жағына егілген помидор. Ортасы – арық, шөбі жұлынған, арықтың шөбін «жұлатын» – мына қой. Мұндайды бұрын көрген бе едіңіздер, халайық?» – дейді осы бейнежазбаны әлеуметтік желіге орналастырған жігіт.

 

Адамнан қулық артылмайды деген осы екен-ау!

 

Т. ТҰРАН.

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ