Ванга демікпеден қалай емдеген?

30.05.2018
Қаралды: 76

Әйгілі сәуегей Ванга демікпе (астма) ауруына ем болады деп мынадай рецепттер айтқан екен:

 

Демікпе кезінде андыз (девясил) тұнбасы өте жақсы көмек­теседі. Балқара­ғай шайырына қосылған күшәла да таптырмас ем. Оны сіріңке ұшындай етіп до­­ма­лақтап, бір шай қасық балға қосып ішу­ге болады. Бал орнына шикі жұмырт­қаға араластырып ішсе де әсері жақсы.

 

Бадамгүл (миндаль) майымен тамақты ысқылай сүртіп жүрсе де көмегі көп.

 

Демікпе ауруы асқынған адамдарға Ванга жаңғақтың жас жапырағы мен піспеген жемісінің сыртындағы жасыл қабығының тұнбасын ішуге кеңес берген екен. Ол суықтау мен қабынуға, бактерияға, аллергияға қарсы өте жақсы дәрмек болып табылады.

 

Тұнбаны әзірлеу үшін қара немесе қою түсті шыны ыдысқа 100 миллиграмм 40 пайыздық спирт немесе арақ құяды. Жаңғақтың сыртындағы жасыл қабығын ұнтақтап, 50 грамын осы спирт­ке салу керек. Қақпағын мықтап жауып, қараңғы жерге 7 күн қояды. Күніне 4-5 рет қозғап тұру керек. Дайын болған соң тұнбаны сүзіп алып, стаканның 1/4 мөлшеріндегі суға 25 тамшы қосады. Осыны күніне 3-4 рет, тамақтан 15-20 минут бұрын ішеді. Ал демікпесі асқын­ған жас балаларға жасы қаншада болса, сонша тамшыдан ішкізеді.

 

Пияз тұқымынан 40 данасына су құйып, жұмсарғанша күту керек. Сосын суды төгіп тастап, үстіне 0,5 литр зәйтүн майын құяды. Оны баяу отта қыздыру керек. Ботқа секілді қою болғанша жиі қозғап отырады. Таңертең ашқарынға және кешке бір ас қасықтан ішіп жүресіз.

 

Өгейшөп (мать и мачеха) шөбінің кептірілген ұнтағынан 12 грамды 1 стакан суға 3 минут қайнатып, күніне 3 рет ішу де жақсы көмек. Оған өріктің бір дана ұнтақталған дәнін қосып ішсе емдік әсері арта түседі. Бұл емді 3 күн ішіп, 2 күн демалу арқылы 7 рет қайталауға болады.

 

...Міне, тағдыры мен тылсымы, емдеу ерекшелігі әлемге әйгілі болгарлық көріпкел Ванга айтқан рецептердің бірі осындай.

 

Д. ӨМІРБЕК.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ