Қақпасы құлыптаулы стадионға жұрт тесіктен кіруге мәжбүр

30.05.2018
Қаралды: 370

Шымкенттің қақ ортасында «Спартак» атты стадион бар. Ондағы кеңестік кезеңнен бері жұмыс істейтін стадиондағы түрлі спорт секцияларына, бассейндерге жұрт көп барады.

 

Осы стадион ғимаратының сыртында темір сыммен қоршалған бірнеше спорт алаңшалары бар. Ол жерде футбол, мини-футбол, баскетбол ойнауға, жүгіріп, дене шынықтыруға болады. Бірақ оған адамдар есіктен кіре алмайды, өйткені ол үнемі жабық тұрады. Сондықтан дене шынықтырып, спорт ойындарымен айналысқысы келетіндер әлгі темір сымдарды қиып, әр тұстан бірнеше «есік» істеп қойған. Стадионға ертелі-кеш сол жерден кіріп-шығып жатқандарды жиі кезіктіруге болады.

 

Естуімізше, бұл аумақ Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің оқу корпусына тиесілі екен. Таяуда оны осы ғимаратпен қоса бір белгілі бизнесмен жеке меншікке сатып алмақ көрінеді.

 

Енді жұртты бұл жерді сатып алған адам оны гүлдендіре ме, әлде орнына басқа мақсаттағы нысан салдырар ма екен деген сұрақтар ойландыра бастады. Енді стадионға тесіктен кіріп ойнауға да зар болмаймыз ба деп уайымдап жүргендер көп.

 

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ