Арманыңыз орындалмай жүрсе...

30.05.2018
Қаралды: 164

Мың пайыз көзім жеткен бір нәрсені айтайын ба? Адамның барлық арманы орындалады, мақсатына жетеді. Ол үшін не істеу керек? Қатты қалау керек. Сосын Алладан ерінбей сұрау керек. «Ол мүмкін емес қой», «маған ол қайда», «осы күніме тәуба», «ақша бәрібір жетпейді» деп отыра берсеңіз, онда сіздің Аллаға сенбегеніңіз.

 

Әлемнің кез келген мил­лионерінің өмір тариxын ақтарсаңыз, бәрі нөлден бастаған екен. Тек қана сеніммен әрекет ете білсеңіз болды. Алланың құдіретіне күмән келтірмеңіз, қалаған нәрсе­ңізді сұраңыз. Ең бірінші өз миы­ңызды сендіріңіз!

 

Бірақ миды сендіру бастапқыда қиын болады. Ол үшін не істейміз? Ауызбен айта береміз. Мысалы: «Менің көп қонақ күтетіндей зәулім үйім бар, Алла маған күн сайын бітпейтін несібе беріп жатыр».

 

Күнде таңертең ояна салысымен және кешке 10 реттен осы сөзді айтыңыз. Шамамен 2 аптадай уақыт өткенде сіздің аузыңыз осы сөздерді автоматты түрде айтатын болады. Ауыз автоматты түрде айтатын кезге жеткенде миыңыз да осы сөзге сене бастайды. Ал ми сенді деген сөз – тартылыс заңы іске қосылды деген сөз. Көп ұзамай-ақ зәулім үйдің иесі болып шыға келесіз.

 

Ертегі сияқты деп сенбесеңіз өзіңіз біліңіз, бірақ бұл дәлелденген нәрсе. Алла-тағала бәтеңкеге бау сұрасаңдар да беремін дейді екен. Тек өзіміз сенбейміз, күмәнданамыз. Жүрегіміз қалағанымен миымыз сенбей тұрады. Олай етпеңіз. Сеніңіз, ешкімді тыңдамаңыз! Сізге біреу күлсе, онда сіз де күліңіз. Аффирмация­ны айтқан кезде көңіл-күйіңіз көтеріңкі болуы керек. Және садақа беруді ұмытпаңыз. Түк таппасаңыз, шелпек пісіріп, балаларға таратып жіберіңіз.

 

Ал, сәттілік, тек қана алға! Бар­лық мақсат-мұраттарыңызға жетуле­ріңізге тілектеспін.

 

(А. ТҰРСЫНБАЕВАНЫҢ желідегі жазбасынан).

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ