Ерте қартаймаудың ережелері

30.05.2018
Қаралды: 384

Көп әйелдер жасы 45-50-ден асқан соң өмірді біткендей сезінеді. Ал олай болмас үшін денсаулықты күтіп, сергек жүрудің амалдарын жасау керек. Осы орайда әйелдерге керек кеңестер:

 

Алға жоспарлар жасап қойыңыз, кемінде 20 жылға. Жоспарларыңыз көп, әртүрлі жағымды әсерлер беретін болсын, көңілсіз нәрселер ойламаңыз.

 

Өмірдің «қара» жақтарын көп айтатын, кері тартатын жолдардан аулақ болыңыз. Проблемасын, ауруын айтып бас қатыратындардан сізге пайда жоқ.

 

Жақсылық күтіңіз, оған ұмтылыңыз. Алдына мақсат қойып, оған жете білетіндерге жақын болыңыз. Қалыпты өмірді өзгертуге ұмтылатындармен бірге болыңыз.

 

Іс-әрекетіңіз осыдан 15 – 20 жыл бұрынғы кезіңіздегідей болсын.

 

Өмірге қапа болмаңыз, адамдарға жөнсіз өкпелемеңіз. Өткеннің жаман нәрсесінің бәрін ұмытыңыз, жақсысын еске алып, риза болыңыз. Жаңа достар табыңыз, жаңа мүмкіндіктерге, жоспар-жобаларға жол ашыңыз.

 

Уақытқа үйлесімді киініңіз. Сізде өз жасыңызға тән ақыл-парасат, мінез бар, енді сырт келбетіңізге мән беріңіз, өзіңізді кәрі көрсететін киім кию, шаш өсіру үлгісінен бас­қаға ауысыңыз.

 

Өзіңізді қадағалап отырыңыз, алға ұмтылыңыз, жаңа нәрселер үйреніңіз, игеріңіз. Бұлшық етті, ақыл-ойды шынықтырыңыз. Қысқасы, әрекетсіз жүрмеңіз. «Әрекет түбі – берекет».

 

35 – 45 жас аралығында бала туып алуға тырысыңыз. Ол әйелді жасартады әрі осы жаста туыл­ған баланың денсаулығы мығым болады, ақыл-есі тез жетіледі, олар өмірге бейім болады.

 

С.ИКРАМҚЫЗЫ

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ