Суды ораза тұтқан адамдарға көрсетпей ішетін құс (ВИДЕО)

30.05.2018
Қаралды: 192

Рамазан айының қасиетін адамзат баласынан бөлек, аң-құстар да ерекше сезінетін секілді. Таяуда «Уатсап» желісінде қолдан-қолға тараған бейнетүсірілімді көзіміз шалды. Онда «Қара герон» деп аталатын құстың өзгеше бір әрекеті жайында айтылады.

 

 

Бұл құс негізінен Африка аумағында тіршілік етеді екен. Ол Рамазан айында су ішкенде аузы берік жандардың көзіне түспеу үшін қанатымен басын бүркеп жауып алатын көрінеді. Қанаттары қолшатыр пішіндес  болып жазылғанда бүкіл денесін   жауып қалады. Бұған қалай таңданбассыз?!

 

Бұл ғажайып тосын құбылысты бейнетаспаға түрік азаматы Әли Осман Араба түсіріпті. Сосын оны өзінің «Фейсбуктегі» парақшасында жариялаған. Ал бұл бейнежазбаны небәрі екі күннің ішінде ғана 1 миллион 600 мың адам тамашалаған.

 

М. ДАНА.

 

 

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ