Өндірістік бақылау – маңызды мәселе

30.05.2018
Қаралды: 235

Бүгінде өндірістік бақылау арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз ету де – маңызды істердің бірі. Осыған орай 2009-жылғы 18-қыркүйекте елімізде «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»  №193-ІV Кодексі шыққан. Оның 144-бабы 6-тармағына сәйкес, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы өкілетті орган тарапынан көптеген нормативтік-құқықтық актілер қабылданып, қолданысқа берілген.

 

Соның бірі – Ұлттық экономика министрлігінің 2016-жылғы 6-маусымдағы №239 бұйрығымен бекітілген «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитария­лық қағидалары.

 

Өндірістік бақылаудың мақсаты – объектіде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау жүйесі құжаттарында белгіленген талаптардың сақталуына өзін-өзі бақылауды ұйымдастыру және жүргізу арқылы өнімнің, жұмыстардың, көр­сетілетін қызметтердің адам үшін қауіпсіздігін және зиянсыздығын қамтамасыз ету болып табылады.

 

Зертханалық – аспаптық өлшеу­лердің ұсынылатын көлемдері, өлшем шарт­тары және кезеңділігі №239 Санитариялық қағиданың №1 қосымшасында көрсетілген.

 

Өндірістік бақылау объектілері Ұлттық экономика министрлігінің 2015-жылғы 30-мамырдағы «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін бекіту туралы» №414 бұйрығымен бекітілген өнім және эпидемиялық маңызы бар объектілер болып табылады.

 

Өндірістік объектілерде жүргізілетін өндірістік бақылау нәтижелері туралы ақпарат тиісті аумақтағы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларына жарты жылда 1 рет, кейінгі айдың 5-күніне осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

 

Денсаулық сақтау объектілері, коммуналдық, өнеркәсіптік гигиена, радиациялық гигиена объектілері, балалар мен жасөспірімдерді тәрбие­леу және білім беру, балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту объектілері, интернаттық ұйымдары мен тамақ өнімдерін өндіру және айналымы объектілерінде зерт­ханалық – аспаптық өлшеулердің ұсынылатын көлемдері, өлшем шарт­тары және кезеңділігі осы Санитариялық қағиданың 1-қосымшасында берілген.

 

Өндірістік бақылау бағдарламасын әзірлеуді дара кәсіпкер, заңды тұлға өз бетінше немесе санитария­лық-эпидемиологиялық аудитті жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыратын адамдарды тарта отырып жүзеге асы­­рады.

 

Жүзеге асырылатын өндірістік бақылаудың уақтылығын, толықтығын және дәйектілігін қатамасыз ету да­­ра кәсіпкердің және заңды тұлға басшысының бұйрығымен тағайындалатын лауазымды тұлғаларға жүктеледі.

 

«Халық денсаулығы және денсау­лық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 90-бабындағы 4-тармағының 4-тармақшасында «Дара кә­сіпкерлер мен заңды тұлғалар өздері жүзеге асыратын қызметіне сәйкес, ҚР заңнамасы негізінде өндірістік бақылауды жүзеге асыруға міндетті екендігі» айтылған.

 

А. МОНТАЕВА,

Шымкент қаласындағы әл-Фараби ауданы

қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының

бас маманы.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ