Түркіменстанда азық тапшылығы тереңдеп барады

25.05.2018
Қаралды: 195

Түркіменстанда азық-түлік тапшылығы туындағанын біз газетіміздің өткен нөмірлерінде жазғанбыз. Әсіресе ұн жетіспей, жұрт бидай кебегін, қатты жүгері ұнын пайдаланып жатқанын айтқанбыз.

 

Бұл елде азық-түлік дағдарысы 2016-жылы басталған болатын, өткен жылдың желтоқсан айынан бері тіпті қиындап тұр. Бүгінде елдің басқа аумақтарын айтпағанның өзінде Ашхабадтағы азық-түлік дүкендерінің алдынан ұзын-шұбақ кезекте тұрған адамдарды көруге болады.

 

Осыған орай азық-түлік бағасы да шарықтай өсуде. Ел билігі тек қана жетістіктер жайында жариялап, жағдайды жасыруға тырысқанымен бүгінде Түркіменстанның ахуалынан әлем құлағдар болып отыр.

 

Т.ТҰРАН

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ