«Базарда ханымдар бар тіллә шашар...» (ВИДЕО)

03.05.2018
Қаралды: 232

«Уатсап» желісінде жылдам таралып кеткен мына бейнетүсірілім бұл күндері қызу талқыға түсуде. Әуесқой «видеоның» қай өңірде түсірілгені белгісіз. Әйтсе де қос бұрымды, ақ жаулықты аналардың базар ішінде домбыраны сабалай тартып, жарамазан айтып жүргені кәдімгідей қызық болып көрінетіні рас.

 

«Ақ тауық, қызыл тауық қырман шашар,

Базарда ханымдар бар тіллә шашар.

Тілләңды шашпай-төкпей қолыма бер,

Артымда қу шалдар жүр ала қашар», – деген әзіл-шыны аралас олардың өлең шумақтарына риза болысқан базар адамдары жарамазаншыларға өз теңгелерін ұстатып жатыр.

 

...Күндіз әрі көпшілік орында жасы үлкен апалардың осылайша жарамазан айтып жүргені қаншалықты дұрыс немесе бұрыс екендігін әркім өзі саралай жатар.

 

Д. БАЙЖІГІТ.

 

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ