Қытайға қарсы «Қазақ қорғанын» қалай құрсақ болады?

25.05.2018
Қаралды: 190

Жер бетіндегі алты адамның бірі – қытай. Осыдан 27 жылдай бұрын Қытайда «Бір отбасыға – бір бала» саясаты қатаң күшіне енгізілгенімен, мінеки (бүгінде ол шектеу алынып тасталды), сол «бала шектеу реформасының перзенттері» де отбасын құратын жасқа толды. Дегенмен елде қыздар аса тапшы. Сондықтан көрші елдерге қарай Қытайдың демографиялық тасқыны басталғалы тұр.

 

Қытайдың экономикасына жан бітіріп, инвестиция тартатын да шетелдегі қытайлықтар. Мысалы, Астананың өзегінде  Қытайдың сұстылығын состиып дәлелдейтін «Пекин палас» қонақ үйі қақшиып, аспанмен таласып тұр. Мұнда тәулігіне 1000-ға тарта қытай азаматы қонып-түстенетін көрінеді.

 

Алматыда бұл деректі он есеге көбейтуге болады. Алматы қаласында қазіргі күні Қазақстанның төлқұжатын алған 17 мыңнан аса азамат емін-еркін тайраңдап жүр. Алматыда зәулім де заһарлы «Алтын айдаһар» мейрамханасы, жүзден аса қытай кафелері мен мейрамханалары, 300-ге тарта бірлескен кәсіпорындар, 2 қытай банкі, 50-дей жанар-жағармай құю бекеттері, мәдениет орталығы, Қазақ Ұлттық университеті жанында Қытай тілі орталығы, Конфуций институты, «Ялянь» сауда орталығы, Си Синхай, Бианху көшелері, «Барахолка» және «Сауран» сауда орталықтарында қытайлықтардың бірнеше жүздеген сауда нүктелері бар. Ол ол ма, қытай және орыс тілдерінде Қазақстандағы қытай диаспорасына арналған «Хасакэсытань хуацяо бао» деген газет шыға бастапты.

 

...Тарамыс тарих қатал да шыншыл. Бір заманда қайсар көшпенділерден қорыққан қытайлықтар «Қытайдың ұлы қорғанын» салған еді. Күн сайын құмырсқаша көбейген қара нөпірден қалай қорғансақ екен?

 

«Қазақ қорғанын» қалай құрамыз, аяулы ағайын?

 

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ