Ленинді Абайға айналдырған қандай шебер? (ВИДЕО)

30.05.2018
Қаралды: 159

Ақмола облысының Степногорск қаласында жұртшылықтың назарын аударған бір оқиға орын алды. Оған бүгінде әлеуметтік желі арқылы жүздеген адамдар куә болуда.

 

Әңгіме осы қаладағы Абай ескерткіші төңірегінен туындауда. Яғни бір пысықайлар осындағы бұрыннан келе жатқан Лениннің ескерткішін мұртын бұзбай, Абайға «айналдырып» жіберген көрінеді. Жаңадан құйып әуре болмай, Лениннің ескерткішін еш өзгертпей, тек басына тақия «кигізе» салыпты деседі. Бұл жөнінде әлеуметтік желіде бейнежазба жариялаған азамат былай дейді:

 

«Міне, құрметті көрермен, мына жерде: Степногорск қаласы, Ақмола облысы, 5-ші мектеп. Мұнда бұрын Лениннің ескерткіші тұрған. Енді қараңыздар. Лениннің басына тақия кигізіп, «Абай Құнанбаев» деп жазып қоя салған.

 

 

Не деген масқара мынау?! Қараңыздаршы! Басына тақия кигізіп қоя салған. Ұят емес пе?!»

 

Бір минутқа жетер-жетпес уақытты қамтитын бейнежазбада үш қабатты ғимарат ауласындағы Абайдың ескерткіш-бюсті түсірілген.  Зер салып қарап көрдік, автордың айтқандары расында да шындыққа саяды-ау деп қалдық.

 

Егер бұл ақиқат болса, онда ес­керткішті «өзгерткен» адамдарды қиялы ұшқыр, епті екен демеске шара жоқ. Олардың осындай жолмен бюджет ақшасын опырып жеп кеткен болуы да ғажап емес-ау.

 

Ал егер ондай болмаса, бұған қатысты қала басшылары қандай да бір мәлімдеме жасап та қалатын шығар?

 

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ