«Военкомға» 9 миллион теңге айыппұл салынды

23.05.2018
Қаралды: 185

Қарағанды қаласының әскери соты Жезқазған қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бұрынғы бастығы Ш. деген азаматқа қатысты қылмыстық істі қарауды аяқтады.

 

 

Подполковник шеніндегі бұл адам Н. деген азаматты әскерге шақырудан «азат етпек» болыпты. Ол үшін 150 мың теңге па­ра талап еткен. Ш. осы сомадағы ақшаны алу үстінде өз кабинетінде қолға түскен.

 

Әскери сот кінәлі азаматтың жағдайын ескере келе оған айып­пұл салуды шешті. Оған алын­ған параның 60 еселенген мөлшерінде айыппұл салынды. Яғни ол мемлекетке 9 миллион теңге айып­пұл төлейтін болды.

 

Н.ӘБДІ

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ