Күйеуін құтқаруды сұрайды (ВИДЕО)

30.05.2018
Қаралды: 576

Әлеуметтік желіде Қа­зақстанның Жанар Бейсембекқызы Тіленшиева есімді тұрғыны өзінің көмек сұраған бейнежазбасын жариялады. Көз жасын әзер тыйып, өкси сөйлеген ол былай дейді:

 

 

«Менің жолдасымды қы­тайлар 7 айдан бері еш­қандай жазықсыз саяси үйрену  үйінде – түрмеде қамап отыр. Күйеуімнің аты-жөні – Айбол Құр­манәлі, 1980-жылғы 1-ақпанда Құлжа қаласында туған.

 

Ол Қытайға 2017-жылы 8-қазанда кеткен еді. Нау­қастанып жатқан анасының жағдайын біліп қайт­пақ болған. Оны 17-қазан күні қамауға алыпты. Біз мұны арада 3 ай өткесін бір-ақ білдік. Себебі Қы­тайда хабарласуға ты­йым салынған, хабарласпаңдар деп қысым көрсетіп отыр. Хабарласа қалса, жазалайды. Сол себепті еш хабарын біле алмай отырмыз. Жағдайы қалай, денсаулығы сыр берген жоқ па – ол жағынан бейхабармыз. Екі балам әкесіз, тірі жетімнің күйін кешуде. Тату-тәтті, айрандай ұйып отырған отбасы осылайша екіге бөлініп қалдық».

 

 

Бұл жас әйелдің өзі Қа­зақстанда туып-өскен жан екен. Қытайдан біздің елге қоныс аударған азаматқа тұрмысқа шығыпты. Енді ойламаған жерден күйеуіне қолы жете алмай отырғанын айтады.

 

«Мен Қазақстан Үкі­ме­тінен, халықаралық ұйым­дардан жазықсыз адамды тұтқындап,бір отбасыны екі­ге айырып отырған осы жағдайға назар аударып, көмек берулерін сұ­раймын», – дейді Ж.Тіленшиева.

 

Кейінгі кездері осындай оқиғалар туралы жиі айтылып жүр. Қиын жағдайда қалған адамдарға тиісті орындар көмектессе екен дейміз.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ