Прокурор 300 мың теңге парамен ұсталды

22.05.2018
Қаралды: 332

Қарағандыда прокуратура қызметкері парамен ұсталды. Бұл жөнінде Бас Прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, «Nur.kz» порталы жариялады.

 

Жарияланған деректе Қарағанды қаласындағы Қазыбек би аудандық прокуратурасының бөлім прокуроры Р.Балғабекұлы есімді азаматтың ұсталғаны туралы айтылады. Ол сотталуы мүмкін 3 аза­матты қылмыстық жазадан құтқармақ болыпты, бұған қатыс­ты өз «еңбегін» 300 мың теңгеге бағалаған.

 

Бұл азамат аталған сомадағы параны алу үстінде қолға түскен. Бүгінде ол уақытша оқшау­лау абақтысында отыр, тексеру жүргі­зілуде.

 

Н.ӘБДІ

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ