Әдепсіз жанға мемлекеттік қызметте орын жоқ

21.05.2018
Қаралды: 311

Мемлекеттік қызмет атқару – мемлекеттік қызметшілерге қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады. Олардың моральдық-әдептілік бейнесіне төмендегідей талаптар қойылады.

 

Мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсібіне жұмсап, Отанымыз – Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етіп, қоғам сенімін ақтауы міндетті. Бұл жөнінде ҚР Президентінің 2015-жыл­ғы 29-желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемле­кеттік қызметшілерінің әдеп кодек­сінде» нақты көрсе­тілген.

 

Сонымен қатар, мемле­кеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта  жалпы қа­былдан­ған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға міндетті, қоғамға жат мінез-құлыққа, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетіне және адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуі керек. Одан қарапайым болу, тиісті көрсетілетін қыз­меттерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеу және пайдаланбау талап етіледі. Ол өз тарапынан қоғамдағы адам­гершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке қол сұғушылыққа әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әре­кеттерді жасауға тартуға жол бермеуі тиіс.

 

Оңтүстік Қазақстан облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мен  аумақтық басқармаларының қызметкерлері азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету барысында, бақылаудағы нысандарды ерекше тәртіппен немесе жоспардан тыс тексеру барысында адал, әділ, қарапа­йым болуы, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауы, азаматтармен және әріптес­терімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға міндетті.

 

Осыған орай де­пар­таменттің және оның аумақтық басқармаларының қыз­меткерлері арасында мем­лекеттік қызметшілердің қыз­меттік әдеп қағидаларының талаптарын сақтауы жө­нінде семинарлар өткізіліп тұрады. Лауазымдық міндет­терін атқару барысында мем­лекеттік қызмет­шілердің Әдеп ко­дексінің талаптарын бұл­жытпай сақтау және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, оның алдын алу бо­йынша заң талаптарын орындау талап етіледі. Сондықтан қоғам мен мемлекет та­рапынан жүктелген сенімді абыроймен ақтауды парыз деп білеміз.

 

А. АХМЕТОВ,

Оңтүстік Қазақстан облысы қоғамдық

денсаулық сақтау департаменті басшысының

       орынбасары, департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ