Әріптесіміз, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі Жеңіс Баһадүрдің екі томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты.
Қазақ журналистикасы мен әдебиеті әлемінде өзіндік ізі бар Жеңіс Баһадүрдің шығармалары көпшілікке таныс. Осыған дейін оның «Қос қайың», «Қайта оралған аққулар», «Мөлдір тамшылар», «Үш қиян», «Үңгірден шыққан адам» атты кітаптары басылып шыққан. Біраз туындылары ұжымдық жинақтарға енген.
Ол Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіргеннен кейін «Қазақфильм» киностудиясында, «Солтүстік Қазақстан», «Оңтүстік Қазақстан», «Шымкент келбеті» – «Панорама Шымкента» газеттерінде, «Замана» баспасында еңбек еткен.
Журналист-жазушының екі томдық шығармалар жинағы «Толқын дәурен» және «Мұнар» деген атаулармен шығып отыр. Бірінші томына әр жылдары республикалық және облыстық газет-журналдарда жарияланған жазбалары мен телеарналарада көрсетілген сұхбаттарынан іріктеп алынған туындылары енгізілген. Ал екінші томы оның әр жылдары баспасөз беттерінде жарияланған мақалаларынан, ой-толғамдарынан, пікірлерінен және бұрын жарық көрмеген туындыларынан тұрады.
Қысқасы, журналист-жазушы Жеңіс Баһадүрдің екі томдық шығармалар жинағы көпшілік оқырман қауымның ортасына жол тартты. Біз Жақаңды осы қуанышымен шын жүректен құттықтаймыз!
Шабытыңыз шалқып, қуатыңыз еселенсін, жазар көбейсін, құрметті Жақа!
Д. НҰРПЕЙІС.
Жеңіс Баһадүрдің байланыс телефоны: 8-701-657-57-61.
Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!