Дария Қожамжарова – ОҚМУ ректоры

19.05.2018
Қаралды: 254

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік универси­тетіне жаңа ректор тағайындалды. Арнайы республикалық комиссия­ның шешімімен бұл жоғары оқу орнын басқару міндеті Дария Қожамжароваға тапсырылды.

 

Дария Пернешқызы Қожамжарова 1962-жылы Тараз қаласында, көпбалалы отбасында өмірге келген. (Ол кісі – еліміздің қазіргі Бас Прокуроры Қайрат Қожамжаровтың туған әпкесі). Қазақ Мемле­кеттік универси­тетінің та­рих факультетін бітірген. Еңбек жолын Абай атындағы Алматы Мемле­кеттік универ­ситетінде бастаған. Кейін Жамбыл педагогикалық институтында мұғалім болған, М.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінде доцент, факультет деканының орынбасары, кафедра меңгерушісі, декан,  проректор болып жұмыс істеген. 2017-жылдың наурыз айынан бері Тараз Мемлекеттік педагогика университетінің ректоры қызметін атқаррып келді.

 

Д.Қожамжарова – Ұлттық ғылым академия­сының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор. Ол – 150-ден астам ғылыми еңбектер мен монографиялардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы.

 

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ