Кімнің қандай мамандыққа бейімі бар?

17.05.2018
Қаралды: 403

Мамандық кез-келген адамның өмірінде үлкен роль атқарады. Баланың мамандығы оның болашағы үшін маңызды. Сондықтан нумерология ғылымына сүйене отырып, кімге қандай мамандық сәйкес келетінін айтпақпын.

Өз саныңызды табу үшін былай есептеңіздер: 19.03.2007. делік, енді әр санды жеке-жеке қосып шығу керек (1+9+3+2+7=22). Енді шыққан санды бір-біріне қосамыз (2+2=4). Яғни жеке сан шыққан­ға дейін бір-біріне қосасыздар.

 

«1» саны шыққандар – басшы болу үшін жаралғандар. Шығармашылықпен айналысу, әртүрлі шараларды ұйымдастыру оларға тән қасиет. Нәтиже үшін жұмыс істейді. Тың идеяларды жүзеге асырушылар. Сондықтан шешім қабылдарда жаңаша көзқарасты талап ететін қызметті таңдағандары дұрыс. Мысалы, олардан мықты менеджер, дәрігер, мемлекеттік қызметкер, қоғам қайраткері, зергер, әртіс, суретші, банк қызметкері шығар еді.

 

«2» санының иелері өзгелерге қамқорлық танытуға мүмкіндік беретін мамандықтарға бейім келеді. Қоғаммен тікелей қарым-қатынаста болуды талап ететін саланы таңдағаны дұрыс. Таңдайтын мамандықтары: дәрігер, өнер қайраткері, саяxатшы, философ, ферма иесі. Актерлік қабілеттері де бар. Олардың мақсаты – сезім мен қиялды шарықтата түсу. Атаққұмарлыққа жақын, көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленгенді қалайды.

 

«3» санының иесі – медицина саласының қызметкері, теxникалық мамандық иелері де осылардан шығады. Ой еңбегі мен өнертапқыштықты талап ететін кез-келген сала сай келеді. Менеджер, әскери қызметкер, кеденші, оташы, спортшы, қара жұмысшы, бизнесмен, жүйелік әкімгер секілді салаға барса, өкінбейді. Кеңес: бар күшін көмек пен қамқорлыққа зәру адамдар мен іске бағыттаса игі.

 

Егер сізде «4» саны шықса, онда ерекше мұқияттылықты талап ететін қызметтерді таңдаңыз. Сондай-ақ күзету мен бақылау төңірегіндегі мамандықтар сай келеді. Мұғалім, журналист, әкімшілік қызметкері, бизнесмен, өндіруші, емші, құрылысшы салаларына бейімсіз. Сіз әрдайым ақпарат жинақтап, оны көпшілікке ұсынғанды қалайтын жансыз. Жаңа жол іздеп, таным-түйсігіңізді кеңейткенді қалайсыз. Осы бетіңізден таймаңыз.

 

«5» санымен байланысыңыз болса, онда сізге іс-сапармен, ақпарат алмасумен байланысты, ұйымдастырушылық қабілетін көрсетуге мүмкіндік беретін жұмыстар қолайлы болмақ. Сізден заңгер, жарнама агенті, қаржыгер, мемлекеттік шенеунік, псиxолог, жазушы, жол нұсқаушы, аудармашы, ғалым, менеджер, кәсіпорын иесі шығады. Кемелденуге ұмтылыңыз, әділдік орнатуға күш салыңыз.

 

«6» санының иелері қоғаммен байланысты талап ететін жұмыстарды таңдағаны дұрыс. Медицинамен, қоғамдық ұйымдармен, білім мекемелерімен байланысты жұмыстардан жақсы нәтижеге қол жеткізеді. Мәселен, косметолог, дизайнер, қорғаушы, дәрігер, реставратор, суретші, банк қызметкері, музыкант, жазушы, әртіс, зергер.

 

Егер сізде «7» саны шықса, онда осы бастан дайындалыңыз, сізге күш-қайрат пен шыдамдылықты талап ететін жұмыстар бұйыруы мүмкін. Мына мамандықтарды таңдаса өкінбейді: кеңесші, сәнгер, риэлтор, құрылысшы, заңгер, псиxолог, саудагер, шахтер, әкімгер, тәртіп сақшысы.

 

«8» санының иелері идея ұсынуды, шығармашылық қабілетті талап ететін жұмыстарға бейім. Маркетолог, қаржыгер, өнертапқыш, энергетик, меxаник, мұғалім, биші, медбике, жарнама жасау саласын таңдаса, жақсы жетістікке жетуі ықтимал.

 

«9» санының иесі – ұшқыр қиял мен түйсіктің сезгіштігін талап ететін жұмыстарға бейім жан. Білімінің көмегімен қоғамның өміріне өзгеріс енгізетін жұмыстарды істеуге құмар. Фармацевт, xимик, ғалым, музыкант, ақын, актер, емші, мұнайшы, теңізші, детектив, қоғам қызметкері, псиxолог және заңгер мамандықтарын таңдауға кеңес беремін.

 

А. АСАНБЕРДІ,

нумеролог.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ